Шаруаларға жанармайды тікелей жеткізетін жүйе жыл соңына дейін іске қосылады
2022 жылғы 11 мамыр 12:55

Шаруаларға жанармайды тікелей жеткізетін жүйе жыл соңына дейін іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов шаруаларға бағасы жеңілдетілген жанармайды тікелей тарататын электронды-ақпараттық жүйені жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері вице-министрден көптен бері айтылып жүрген электронды-ақпараттық жүйенің қашан іске қосылатынын сұрады.

«Бұл бастама былтыр жыл ортасынан бері талқыланып келеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге аталған деректер базасын қалыптастыру туралы шешімді мақұлдадық. Бұл жүйе дизель өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында тікеллей сауда келісімін жасауға мүмкіндік береді. Ол жүйені қалыптастыру жұмыстарын биыл желтоқсанға дейін аяқтаймыз деп келіскенбіз», - деді Әсет Мағауов.

Аталған шарада министрдің орынбасары мұнай өңдеу зауыттары егіске қажет дизельдің бір литрін 176 теңгеден сататынын айтқан болатын.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT