Шаруаларға берілетін дизельдің бағасы белгілі болды

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылғыдан 13 мың тоннаға көп. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі мен мұнай өңдеу зауыттары ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді», - деді Әбілхайыр Тамабек орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта тиеп-жөнелту кестесіне сәйкес, өңірлік операторлар ақпан айындағы 79,6 мың тоннаға немесе жоспардың 98 пайызына толық дерлік төлем жасады.

55,6 мың тонна немесе 69 пайызы тиеп-жөнелтілді.

Сондай-ақ, министрлік өңірлерге дизель отынның тиеп-жөнелтілуіне күнделікті мониторинг жүргізеді.

Айта кетейік, биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектар, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын – 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы алаңдарын – 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар