Шаруалар өткен бес айда 10 мың ірі қара сатып алды - «ҚазАгро» холдингі

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Өткен бес айда «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» қаржыландыруымен шаруалар 10 мыңнан астам ірі қара мал басын сатып алды.

Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жалпы «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобының қаржыландыруымен фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар аралығында ауыл тұрғындары 115 мың бас ірі қара мал және 4,5 мың бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алған. Ал 2013 жылы «ҚазАгро» компаниясының қолдауымен шаруашылықтар 20,3 мың ірі қара мал мен 1167 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алатын болады. Бұдан бөлек, соңғы екі жылда республика бойынша да 35,2 мың бордақылау алаңы құрылса, соның ішінде 17,7 мың бордақылау алаңы «ҚазАгро» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен, ал 17,5 мыңы шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың жеке қаражаты есебінен ашылған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде республикаға шетелдерден әкелінген 30 мың бас асыл тұқымды ірі қара малдың 22,7 мыңы «ҚазАгро» холдингінің қаражатына сатып алыныпты.

Соңғы жаңалықтар