Шаруа қожалықтарына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша елеулі қолдау көрсетілуде - Б.Күлекеев

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының әкімі Батырбек Күлекеевтің жұртшылық өкілдерімен есептік кездесуінде өңірдегі ауыл шаруашылығының 2014 жылғы қорытындылары бойынша жағдайы талқыланды.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығы құрылымдарының қолдауымен үш шаруа қожалығы 133 сиыр мен 7 тұқымдық бұқа сатып алған. Осылайша, «Құлан» бағдарламасы бойынша Талапты ауылының тұрғыны Еркінбек Дәуітов 4,8 млн. теңге көлемінде несие алу арқылы асыл тұқымды жылқы үйірін көбейте алды.

«Бүгінде екінші деңгейдегі банктен, несие серіктестігінен несие алып, өз идеяңды іске асыруға, өміріңді жақсы етуге мүмкіндік бар», - деді әкім.

Өткен жылы Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы секторында табыстарға қол жеткізілді.

«Ауданда жұмыс істеп жүрген бес шағын несиелік ұйым шағын бизнестің дамуына көмектесуде. Көксай арнасын пайдалануға берумен бірге суару проблемасы шешілді деп айтуға болады», - деді Б.Күлекеев.

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтерінше, соңғы үш жылда «Сыбаға» бағдарламасының аясында облыстағы шаруа қожалықтарындағы ірі қара малдың саны 14,4 пайыздан 20,6 пайызға дейін өсіп, үш тұқымдық мал шаруашылығы-репродуктор құрылды.

2013 жылдың өзінде 4 700 бас төлдейтін мал сатып алынған. Бұл ретте 63 шаруа қожалығына 548 млн. теңге сомасына қарыз беріліп, оған 3 097 бас ірі қара мал сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар