Шәріпова-Вальстром жекпе жегі қашан өтетіні белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Фируза Шәріпова бокстан WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстроммен Монакода 24 қазанда қолғап түйістіретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос боксшының салмақ өлшеуі АҚШ-та өтті.

Бокстан WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы финляндиялық  Ева Вальстром қазақстандық Фирузаның ұсынысын қабылдағанын осының алдында жазған болатынбыз.

Жекпе-жек Монакода Sportel халықаралық спорт арналары конвенциясы барысында өтеді.

«Біз Ева Вальстромның промоутері Петра Паймандерден жауап алдық. Қазір финляндиялық қыз отадан соң оңалту шараларынан өтіп жатыр. Сондықтан, ол маусымда кездесе алмайды. Паймандердің айтуынша, 24 қазанда жекпе-жек болуы ықтимал. Дүйсенбіде біз келісімшартты талқылауға кірісеміз», - деді Фирузаның менеджері Сергей Завилейский.

Айта кету керек, Фирузаның командасы Ева Вальстромды 9 маусымда Санкт-Петербургте рингте кездесуге шақырған болатын. Алайда, спортшының командасы жауап бермеді. Оған дейін Ева Вальстром Хельсинкиде өткен кездесуде АҚШ боксшысы Мелисса Сент-Вилизді жеңген еді. Ұрыс кезінде Еваның қабағы жарылып, бірнеше жарақат алды. Спортшы жарақатынан айыққан соң Шәріповамен кездесуге ниетті екенін мәлім етті. Айта кетерлігі, Фируза Шәріпова WIBA, WBU, WBC Silver бойынша чемпион белдігінің иесі.

Соңғы жаңалықтар