Шәріпова - Вальстрем жекпе-жегі қашан және қайда өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Фируза Шәріпова мен WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстрем арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова мен Финляндия спортшысы, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстрем арасындағы айқас 22 желтоқсан күні Санкт-Петербургтегі «СИБУР АРЕНА» концерттік-спорттық кешенінде өтеді. Бұл жөнінде қазақстандық спортшының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бәске фин спортшысына тиесілі WBC және қазақстандық боксшының IBO Championship сынды екінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі екі чемпиондық белбеулері тігіледі.  Ева Вальстрем Шәріповамен кездеспес бұрын медициналық тексерістен өтіп, жекпе-жекке дайындықты бастап кетті. Қазақстандық боксшы ару кездесуге дайындығын қазанның ортасында бастайды.

8 қыркүйек күні Шәріпова Санкт-Петербургтегі А2 аренасында  өткен кештің басты он раундтық жекпе-жегінде ресейлік Юлия Куценконы жеңіп, титулдарының бірін сақтап қалды. Бокс кешіне қазіргі қарсыласы Вальстерм де қатысты.

Бұған дейін фин спортшысы 6 сәуір күні америкалық Мелисса Сент-Вилизбен Хельсинкиде (Финляндия) кездесіп, титулын қорғап қалған еді.

Соңғы жаңалықтар