Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова кәсіпқой рингтегі өзінің бесінші жекпе-жегін ресейлік Виктория Котоваға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпқой бокс дебютанты Котовамен айқас көпке созылмады, Шәріпова оны бірінші раундтың алғашқы минутында нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық спортшының еншісінде: кәсіпқой рингтегі 5 кездесу, оның төртеуі - жеңіспен, біреуі жеңіліспен аяқталды.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой бокспен айналысып жүрген қазақстандық тұңғыш қыз.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол WBC әлем чемпионы белбеуі үшін айқасын шілде айындаАстанада өткізуі мүмкін .

Соңғы жаңалықтар