Шарджадан аттанған рейс қазақстандықтарды алып Алматыға ұшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қаңтар күні Араб Әмірліктерінің уақытымен сағат 10:30-да қазақстандық туристер «Air Arabia» әуе компаниясының бортымен Шарджадан (БАӘ) әуежайынан Алматыға ұшты.

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы және жедел штабы департаменті өз жұмысын тәулік бойы үздіксіз жалғастыруда. Air Arabia әуе компаниясының Шарджа - Алматы рейсімен қазақстандық жолаушылар Шарджа қаласының әуежайынан бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:30-да ұшты. Air Arabia ақпаратына сүйенсек, Астанаға рейс бүгін болмайды. Астанаға қайтатын қазақстандық туристер аталмыш рейспен ұшты. Әуе компаниясының ертеңгі рейстері кесте бойынша жүргізіледі», - деп жазды Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали Фейсбуктағы парақшасына.

«Flydubai» әуе компаниясының мәліметі бойынша, Дубайдағы және Қазақстан Республикасының басқа қалаларының жолаушылары қонақ үйлерге орналастырылды. Әуе компаниясының 2017 жылдың 1 қаңтарындағы рейсі кесте бойынша ұшты. 2016 жылдың 31 желтоқсанында ұша алмай қалған кейбір жолаушыларды осы ұшаққа отырғызды. Әуе компаниясының өкілдері қазақстандық туроператорлармен тәулік бойы үздіксіз байланысқа шығып отыр. 2016 жылдың 31 желтоқсанында ұша алмай қалған туристерді әуе компаниясы жақын рейстерге отырғызады немесе қаражаттарын толықтай қайтарады.

Бұрын ауа райы қолайсыздығына байланысты Шарджа қаласының әуежайындағы барлық рейстерге шектеу қойылды. Бірнеше күн бойы қою тұман орнап, ұшақтар басқа елдерге ұша алмады және қона алмады. Осыған байланысты көптеген қазақстандық туристер Шарджа әуежайында бөгеліп қалды. 

Соңғы жаңалықтар