Шардараның көшелері ретке келтіріліп, «Тұңғыш Президент саябағы» жаңғыртылады

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданында көшелер ретке келтіріліп, «Тұңғыш Президент саябағы» жаңғыртылады. Көлік жиі жүретін көшелердің бетіне дыбыстық ескертпе белгілері орнатылып, 12 көшенің бойына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, қала ішіне ұзындығы 19,86 шақырымды құрайтын тоғыз көшеге жолдардың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өткелдерін сызу шаралары жүргізілді. Сондай-ақ, жол белгілерін орнату бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ал, жаяу жүргінші өткелі мен оның белгісі бірнеше қоғамдық нысандар орналасқан көше бойларына қойылып жатыр. Жолда жүру бөлігін айыратын жолақтар шыны жарық шағылыстырғыш микорсфералар қосылған арнайы қоспа арқылы сызылуда.


Бұдан бөлек, аудан орталығындағы «Тұңғыш Президент саябағында» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, саябақ аумағындағы барлық жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға тас төсеу мен қорғандарды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Демалыс орнының ішінде жарық шамдарын орнату және субұрқақты іске қосу, балалар алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізіліп, көрермендерге арналған жазғы сахна және тағы да басқа заманауи үлгідегі нысандар салынуда.


Соңғы жаңалықтар