+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Шардаралықтар Маңғыстауға 300 тоннаға жуық мал азығын жөнелтті

2021 жылғы 23 шілде 03:00
Бөлісіңіз:
Шардаралықтар Маңғыстауға 300 тоннаға жуық мал азығын жөнелтті

ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Шардаралықтар Маңғыстауға 300 тонна жемшөп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл ауа райының қолайсыздығынан жауын-шашын аз түсіп, қуаншылықтан зардап шегіп отырған батыс өңіріне шардарлықтар 300 тоннаға жуық мал азығын жөнелтіп, жәрдем көрсетті.

Шардара ауданында 5 500-ден астам шаруа және фермерлік қожалықтар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады.

Биыл ауданда 59 300 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

Оның ішінде 21 959 гектар жерге ескі және жаңа жоңышқа егіліп, дала шөбі және сабанды қосқанда 207 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалған.

Ауданда 56 892 бас ірі қара мал, 14 671 бас жылқы, 3 160 бас түйе, 256 100 уақ мал бар.

Аталған мал басына қажетті мал азығы (жоңышқа, табиғи шөп, сабан) - 176 900 тонна.

Ал, биыл 59 300 га суармалы егістік алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 50 пайыздан астамы мал азығына бағытталған.

Сондай-ақ, 21 959 гектар жоңышқадан 241 550 тонна өнім алу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT