+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шардаралықтар қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсібін өркендетіп отыр

2020 жылғы 16 қыркүйек 03:09
Бөлісіңіз:
Шардаралықтар қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсібін өркендетіп отыр

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданының тұрғындары қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсібін өркендетіп отыр. Олар цех өндірісін дамытып, массаж кабинетін ашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар мемлекеттік қолдаудың арқасында тұрақты жұмыстарын тауып отыр. Мәселен, Шардара қаласының тұрғыны Серік Тоқмырзаев 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алған. Ол бүгінгі таңда пластик терезе мен есік шығаратын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цех өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс көбейген. Әзірге барлық жұмысты өзі атқарып жүрген тұрғын цех аумағын ұлғайтып, өзге жерлестерін жұмыспен қамтуды жоспарлауда.


Мемлекеттен грант алған тағы бір шардаралық тұрғын Ұлназық Мысқалбай қажетті жабдықтарын алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінде ол күніне 7-8 адамға ем-дом жасап, айына орта есеппен 200 мың теңге табыс тауып келеді.

Бұдан өзге, ауданның арнайы санатқа жататын тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 887,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, 1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға 195,4 млн теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда ауданда 598 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 600-ге жуық жанұя азық-түлікпен және гигиеналық заттармен қамтылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT