Шардаралық шаруа қожалығы жылына 150 мың тоннаға жуық ет өндіреді

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шардара шаруа қожалықтарының бірі жылына 150 мың тоннаға жуық ет өндіреді. Аудан орталығында орналасқан «Ақарыс» қожалығы мал бордақылап, ет өндірумен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш жыл бұрын құрылған қожалықта қазіргі таңда 80 бас ірі қара бар. Қожалықтың іс жүргізушісі Рамазан Сайнановтың айтуынша, отбасылық кәсіпте 4 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Олардың орташа жалақысы - 70 мың теңге көлемінде.

Ал, дайын өнім ауданның ішкі нарығы мен Түркістан облысындағы өзге аудандарға жөнелтіледі. Шаруа қожалықта өзінің жеке мал сою орны мен жем-шөп дайындайтын арнайы цехы бар.

Рамазан Талғатұлы алдағы уақытта қожалықтың аумағын үлкейтіп, мал басын арттыруды көздеп отырғанын айтады.

Өйткені, ет өніміне ел аумағында сұраныс көлемі артып, көрші облыстардан да тапсырыс түсе бастаған.






Соңғы жаңалықтар