Шардаралық диқандар бақша өнімдерін экспорттауда

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданында диқандар бақша өнімдерін экспорттауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданның диқандары ағымдағы жылы 11 578 гектар аумаққа бақша дақылдарын егіп, одан 300 мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр,

Аудан әкімдігінің мәліметінше, биылғы жылы көкөніс пен бақша өнімдері егілген егістіктерге қажетті 1 926 тонна тыңайтқыш бөлінген. Атап айтқанда, 931 тонна селитра, 530 тонна аммафос, 340 тонна сульфат аммоний және 125 тонна карбамид тасымалданған. Қосымша «Қазазот» ЖШС мекемесіне 700 тонна тыңайтқыш алуға өтінім берілген.

Қазіргі таңда аудан бойынша 59 300 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, диқандардың бақша және мал азығы саналатын дақылдарды егу көрсеткіші артып келеді.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда 10 338 гектар жерге бақша өнімдері егіліп, 262 895 тонна өнім алынған болатын.


Соңғы жаңалықтар