Шардаралық 50-ге тарта спортшы Румынияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары Румынияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Константа қаласында қазан айының 26-сы мен қараша айының 4-і аралығында өтетін додада түркістандық 50-ге жуық спортшы бақ сынамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Армрестлингтен XXXXII-ші әлем біріншілігінде Қазақстан Республикасы құрама сапының мүшесі «Шардара Армспорт» спорт клубынан жас-жеткіншектер, жасөспірімдер,жастар, ересектер және мүмкіндігі шектеулі жандар қол күрестіреді. Атап айтар болсақ, жас жеткіншектер арасында 8 спортшы қатыстырылмақ. Ал, жас-жеткіншек қыздар арасында Назира Зиядулла, Жұлдыз Нарзан және Арай Мәліктер жарыс жолына шығады. Жасөспірім ұлдар арасында 8 спортшы күштерін сынап көрсе, қыздар арасында 5 қыз мықтылықтарын танытпақ. Жастар арасында Нұрмахан Ердаулет, Нұргелді Бақдаулет, Сарыбай Ердаулет, Көшкенбек Нұрдаулет, Қаржау Есболат сынды жігіттер қол күрестіреді. Ал, қыздар арасында Лаззат Мәлікайдар мен Құралай Абдулла жолдама алды. Ересектер арасында 10 және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 2 спортшы ел намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар