+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шардарадағы атыс: Үшінші күдікті ұсталды

2018 жылғы 20 қыркүйек 12:41
Бөлісіңіз:
Шардарадағы атыс: Үшінші күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданындағы диқандардың арасындағы атыс бойынша үшінші күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Достық ауылында болған қылмысқа қатысы бар деген сезіктінің көршілес облыстарының бірінен қолға түскенін айтады.

«Күдікті Тараз қаласынан ұсталды. Қазіргі таңда ол сот санкциясымен уақытша тергеу абақтысына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар деген тағы үш адам іздестіріліп жатыр. Сезіктілердің жалпы саны алты адам. Олардың бәрін қамауға алу туралы сот санкциясы шыққан», - деді Салтанат Қаракөзова.

Еске салайық 7-ші қыркүйек күні Шардара ауданының Достық ауылында жаппай атыс болып, 22 жастағы жігіт көз мерт болды. Тағы екі адам түрлі оқ жарақатымен ауруханаға түскен еді. Кейіннен бұл қылмысқа қауын артып жатқан жердегі жұмысшылардың арасында туған жанжалдың себеп болғаны анықталды.

28 - 32 жас шамасындағы сезіктілер Шардара ауданының тұрғындары болып шықты. Араларында біреуі бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққан. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабының, 2 бөлігі 1, 6, 7, 9 тармақтары («Адам өлтіру»), 287 бабы, 4 тармағы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 293 баптың 3 бөлігі, 2 тармағы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT