Шардарада жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан жарыс басталды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шардара қаласының спорт кешенінде ауыр атлетикадан ашық кубоктың ашылу салтанаты өтті. Жасөспірімдер арасындағы облыстық жарыс Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сайысқа Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан 138 спортшы қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырқбаев пен Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев сөз сөйлеп, дүбірлі доданың қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, биыл ерекше көзге түскен шардаралық спортшыларға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, ауыр атлетикадан ел чемпиондары және армрестлингтен Румынияда өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары, грепплингтен Әзербайжан елінде өткен Әлем чемпионатының чемпиондары мен гір көтеру спортынан Сербия елінде өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Үш күнге созылатын жарыстың қорытындысы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар