Шардарада жасөспірім өз үйінің ауласында асылып қалды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Шардарада кәмелет жасқа толмаған жасөспірім өз үйінің ауласында асылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардара АПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыз күні кезекші бөліміне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің өз үйінің ауласында асылып қалғаны туралы ақпрат түскен.

«Бұл оқиға Шардара АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105 -бабы, яғни «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерімен тергеліп жатыр. Іс Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар