Шардарада «Тұңғыш президент күні» қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданында «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз үйің өлең төсегің деген ұлағатты сөз бар халқымызда. Тағатсыздана күтіп, өз баспаналарыңызды кілтін алып, құтты қадам жасағалы отырсыздар! Мемлекет тарапынан қолға алынған «Нұрлы жер« бағдарламасының аясында салынған тұрғын үй кешені әрқашан игіліктеріңізге жарап, берекелі шаңыраққа айнала берсін. Сіздерді баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын»- деді аудан әкімі Қайрат Жолдыбай.

Төрт қабаттан тұратын үйдегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар мен І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға берілді. Бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге және аз қамтылған отбасыларға берілді.

Айта кетейік, биыл аудандағы тұрғын үй құрылысының жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға арта түскен.


Соңғы жаңалықтар