+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шардарада коронавирустан жазылғандар саны күн санап артуда

2020 жылғы 1 тамыз 17:26
Бөлісіңіз:
Шардарада коронавирустан жазылғандар саны күн санап артуда

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Шардара ауданында қауіпті індеттен айыққандардың саны күн санап артуда. Наурыз айынан осы күнге дейiн мұнда ПЦР-зерттеуден 3180 адам тексерiлiп, оң нәтиже көрсеткендер ем алуға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аудандық аурухананың провизор бөлiмшесiнде 40 төсек орын ашылған. Онда осы кезге дейiн өкпе қабынумен 214 науқас жатқызылып, қазiргi таңда 20 науқас ем қабылдауда. Ал, медицина қызметкерлерi 3 ауысыммен жұмыс атқарып жатыр. Ауданда коронавирус пандемиясынан оң нәтиже көрсеткен 23 адам анықталып, оның 19-ы тиісті талапқа сай ем алған. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық жағдайда. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 шiлдесiнен бастап жұқпалы аурулар ғимаратынан инфекциялық госпитальда, провизор бөлiмшесiнде, терапия бөлiмiнде өкпе қабынуымен түскен науқастарға ем көрсетуге арналған 110 төсек орын дайындалған. Мұнан бөлек терапия бөлiмiнiң 30 төсек орыны қайта бейiмделiп және жаңадан 20 төсек орын бөлінген. Бүгiнгi таңда аудан көлемiнде пневмонияға шалдыққан 212 науқас тiркелiп, 184 науқас емделiп шыққан. Компьютерлiк томография арқылы 60 науқас анықталып, аталған аурудан айыққандардың саны күн санап артуда. Барлық дәрiханаларда негiзгi дәрi-дәрмек бағаларының қымбаттатып сатуына бақылау жасалып, ол бойынша ерiктiлер тобы күнделiктi бақылау жүргiзуде. Карантин кезінде құрылған 6 мониторингтiк топ дәрiханаларды күнделiктi аралап, талдау жасап отыр. Нәтижесінде аталған топпен 622 нысанға тексеру жүргiзiлiп, карантин режимiн бұзған 21 нысан иесiне хаттама толтырылған. Оның 2-еуi бойынша құжаттар сотқа жолданса, өзге 73 нысан иесіне ескерту жасалған. Жазғы маусымда Шардара су қоймасы жағалауындағы шомылу маусымында ашылған демалыс орындарының жұмысы уақытша тоқтатылып, адамдардың келуiн болдырмау мақсатында полиция бөлiмiмен кезекшiлiк ұйымдастырылған. Мұнда да мобильдi топтар күнделiктi рейдттiк жұмыстарын атқаруда. Аудан көлемінде науқастарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесi қолға алынып, Өзбекстан Республикасының ресми өкiлi болып саналатын «Беласар Интернейшнл» ЖШС мен аудандағы бiрқатар дәрiханалар келiсiм-шарттар түзiлген. Елiмiздегi өзге де iрi көлемдегi көтерме сатушы компаниялармен халыққа ең қажетті деген препараттарды сатып алу жұмыстары жүргiзiлуде. Орталық аурухана қорында коронавирустық инфекция мен пневмония ауруын емдеу үшiн қолданылатын дәрiлiк заттардың 1 айлық қоры жасақталып, қорғаныс заттары мен дезинфекциялық заттар қоры жеткiлiктi мөлшерде жеткізілген. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті кәсiпкерлер тарапынан жан-жақты бкөмектер көрсетіліп, олар тарапынан 35 пульсоксиметр мен 1120 оттегi баллондары және 19 оттегi концентраттық аппараты ауруханаларға жеткізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT