Шардарада көпбалалы аналарға Алтын және Күміс алқалар табысталды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданында Алғыс айту күніне орай тұрғындар бір-біріне ыстық құшақ жайып, алғыстарын жаудырды. Аудан басшысы Қайрат Жолдыбай мәдениет үйіне жиналған қауымды құттықтап, көпбалалы аналарға Алтын және Күміс алқаларды табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шараға жиналған қауымға мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, керемет көңіл-күй сыйлады. Айтулы күнде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай көпбалалы аналарға саналы ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің демографиясын өсіруге қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыс айтты. Аудан тұрғындарына жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.

«Алғыс айту күні – маңызды мерекелердің бірі. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бауырмашылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, айтулы күннің берері мол екені анық. Бүгінде Шардара ауданында 30-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті тіршілік кешуде. Олар көктемнің шуақты күнінде бір біріне ыстық ықылас танытып, алғыс айтумен келеді»,- деді аудан әкімі.


Соңғы жаңалықтар