Шардарада ерлі-зайыптылардан  заңсыз ауланған 180 келі балық тәркіленді
2021 жылғы 24 қараша 14:36

Шардарада ерлі-зайыптылардан заңсыз ауланған 180 келі балық тәркіленді

ШАРДАРА. ҚазАқпарат- Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардара аудандық полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясының инспекторы, полиция майоры Бекмұхамбет Теңгебаевтан Шардара су қоймасынан браконьерлердің ұсталғаны жөнінде хабарлама түскен.

Екі күдіктіден 180 келі балық пен балық аулау құралдары тәркіленді. Сондай-ақ, тексеру барысында күдікті ерлі-зайыптылар аулаған балықтарын сатып, қомақты қаржыны иемденгілері келген.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT