Шардарада екі балықшы суға батып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында екі балықшы суға батып, ажал құшты. Екі күн бұрын балық аулауға кеткендердің қайықтарын жергілікті тұрғындар тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 және 22 жастағы екі балықшының жоғалғаны туралы хабар кезекші бөлімге 27 желтоқсан күні күндізгі сағат 16:58-де жеткен.  Олар балық аулауға шыққан моторлы қайық сол күні  табылған.

Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер суға батқандар болған аумақты 6-7 метрлік тереңдікте түгел сүзіп шықты. Құтқарушыларға балықшылардың туыстары мен аудандық ішкі істер қызметкерлері де қолғабыс етті. Алайда ол күні іздеу жұмыстарынан  нәтиже шықпаған. 

Ал, келесі күні  күндізгі 12.40-тар шамасында жағадан 7 шақырым қашықтықта  балықшылардың бірінің мәйіті судан шығарып алынды.  Екінші балықшының денесі балық аулаған жерінен 50 метр тұстан табылды.  

Соңғы жаңалықтар