Шардарада бір тонна көмірдің бағасы 40 000 теңгеге жетті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Шардарада көмір бағасы қымбаттап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардарада 1 тонна көмірдің бағасы 40000 теңгеге дейін көтерілген. Бұл жайында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жазба қалдырып, шағымдарын жеткізді.

Ал, бұл іске жауап берген аудандық әкімдік аталған мәселе бойынша арнайы комиссия құрылғандығын айтты.

«Көмір тасмалдаушы азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көмір бағасын негізсіз көтерген жеке тұлғаларға айыппұл салынатындағы ескертілді. Бүгінгі таңда бағаны тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде» делінген Шардара ауданы әкімдігінің жауабында.

Ал, желідегі жазбаға пікір білдірушілерде көмірді қымбатқа алып жатқандарын айтуда. Олардың ішінде «Қазір көршіге келген камаздан сұрадым, 38000 деді»,«Қазір 40 000 түсірдік», «Тағы қар жауса 50 болатын шығар» деп жазба қалдырғандар бар.

Айта кетейік, ауданда қалың қар түсіп, күн райыда бірден суытып кеткен.


Соңғы жаңалықтар