Шардарада балықтардың қырылуы: Министрлік ақпарат таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шардара су қоймасында өлі балықтардың табылғаны туралы ақпаратқа орай судан сынама алу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шардара су қоймасында өлі балықтардың табылғаны туралы ақпараттың жариялануына байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі нүктелерден жоспардан тыс су сынамаларын алды: Сырдария өзені, Шардара су қоймасына дейін; Сырдария өзені, Шардара қоймасы бөгетінен 2 шақырым төмен (төменгі жағы); Шардара су қоймасы, бөгеттен 2 шақырым жоғары; Шардара су қоймасы, Серебряный жағажайының тұсы; Шардара су қоймасы, Қытай қалашығы жағажайының тұсы«, - делінген министрліктің Telegram-парақшасында таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, су сапасын талдау 46 көрсеткіш, оның ішінде басты иондар, тасталған және органикалық емес заттар, ауыр металдар бойынша жүргізіледі.

»2020 жылғы 22 наурызда негізгі көрсеткіштерді талдау нәтижелері туралы ақпарат жарияланады. Сондай-ақ, 2020 жылғы 26 наурызда 5 тәулік бойы орындалатын «оттекті биохимиялық тұтыну (5)» талдауының нәтижелері ұсынылады«, - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар