Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 28 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Шардарада балықшылар су инспекторларын соққыға жықты

2018 жылғы 13 наурыз 17:20 919
Бөлісіңіз:
Шардарада балықшылар су инспекторларын соққыға жықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында бір топ балықшылар су қорықшыларын соққыға жықты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд барысында Шардара су қоймасында заңсыз балық аулап жүрген бір топ балықшы анықталған. Олар су инспекторларының ескерту-талаптарына бағынбай, керісінше, өздерін ұрып-соққан.

«Шардара аудандық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу  барысында күдікті ретінде 1990, 1994 және 1987 жылдары туған Сарыағаш ауданының төрт тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда аталған факті негізінде «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - делінген ІІД хабарламасында.

Фото: russianstock.ru

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат