Шардарада 9 сынып оқушысы жоғары сыныпта оқитын баланы пышақтап өлтірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Шардарада 9 сынып оқушысы жоғары сыныпта оқитын балаға пышақ салып өлтірді.

Аудандық полиция бөлімінен баяндағандай, оқиға үзіліс кезінде орын алды. Оған 9 сыныпта оқитын бала мен 10 сынып оқушысының арасындағы ерегіс себеп болды. «Тоғызыншы сынып оқушысы ұрысты өзі бастап, оны балағаттаған оныншы сынып оқушысына пышақ салды», - деп баяндады жергілікті полиция бөлімінен.

Бозбала жүректің астына тиген соққыдан «жедел жәрдем» көлігінде көз жұмды.

9 сынып оқушысы бірден ұсталып, уақытша қамау абақтысына жіберілді. «Адам өлтіру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Кәмелеттік жасқа жетпеген азаматқа 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Полицияда хабарлағандай, екі бала бұған дейін кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі жөніндегі инспекцияда есепте тұрмаған, оқу үлгерімдері жақсы болды, мектепте оларға жақсы мінездеме берілді. Енді полицейлер Шардара мектебінің оқушылары сабаққа неге суық қару ұстап баратынын анықтауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар