Шардара су қоймасының ортасында қалып қойған қайықтағы 3 турист құтқарылды

None
Фото: gov.kz
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - 101 телефонына Шардара су қоймасында демалушылардың қайықпен суға кетіп, қайта оралмағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткенде қайық бұзылып, 3 адамның су ортасында қалып қойғаны анықталды.

Құтқару жұмысына Түркістан облысы жедел құтқару жасағы және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Бір сағат ішінде шұғыл қызметтер авариялық-құтқару жұмысын аяқтап, адамдарды жағаға шығарды.

Құтқарылғандардың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар