Шардара мен Көксарайдың жағдайы үнемі бақылауда – Экология министрі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 1501 гидротехникалық құрылыс тексеріліп, 534 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің оңтүстігіндегі гидротехникалық құрылыстардың толуы мен оларға су келуін ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Мәселен Сырдария бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы келесідей: Бүгінгі күні Шардара су қоймасында жиналған су көлемі 5110 млн м3. Көксарай су реттегішінде жиналған су көлемі – 1810 млн м3. Шардара су қоймасының және Көксарай суреттегішінің жағдайы үнемі бақылауда», - деді Экология министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, биылғы екі айда Аралға 807 млн м3 су жіберілді, бұл Арал теңізінің экожүйесіне оң септігін тигізеді. Қазақстанның шығысында және солтүстігінде орналасқан жөндеуді қажет ететін гидротехникалық құрылыстар транзиттік режимге көшірілді.

«Республика аумағында барлығы 1806 тірек гидротехникалық құрылыстар бар. Биыл 28 ақпандағы жағдай бойынша 1501 ГТҚ тексеріліп, 534 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды, оның ішінде республикалық меншікте – 106, коммуналдық меншікте 359, жеке меншікте – 50, иесіз – 19», - деді З. Сүлейменова.


Соңғы жаңалықтар