Шардара қаласында грек-рим күресінен ел чемпионаты басталды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шарадара қаласында грек-рим күресінен ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Байрақты бәсекеде 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың ашылу салтанаты барысында алғашқы сөз кезегін алған Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев шаһарда грек-рим күресінен ел чемпионатының тұңғыш рет өтіп жатқанын және Шардара топырағынан 56 әлем чемпионы шыққанын тілге тиек етті.

Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Бердашов осы жарыстың ұйымдастырушыларына алғыс айтты. Сөйтіп ел чемпионатына қатысқалы отырған барша спортшыларға сәттілік тіледі.

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасының жетекшісі Абылайхан Қылышбаев елімізде грек-рим күресін дамытуға сіңіріп жүрген еңбегі үшін алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Жарыс бастала салысымен жас спортшылар боз кілемге шығып, шеберлігін байқатты. Чемпионат жеңімпаздары алдағы күндері белгілі болады.


Соңғы жаңалықтар