+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Шардара ауданында жаңадан отау құрған жас жұбайлар дауыс берді

2021 жылғы 25 шілде 13:37
Бөлісіңіз:
Шардара ауданында жаңадан отау құрған жас жұбайлар дауыс берді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданының Жаушықұм ауылдық округіндегі жаңадан отау құрған жас жұбайлар дауыс берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қожантай Ержан мен Айтбай Әсел №860 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз ауылының болашағы үшін таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жаңадан отау тіккен азамат жеке кәсіппен айналысады. Ал, жұбайы балабақшада қызмет етеді. Аталған ауылдық округте 2452 тұрғын болса, оның 1274-і дауыс беру құқығына ие. Сонымен қатар Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Севара Тойметова да бүгін ең жас сайлаушы ретінде дауыс берді. 2003 жылы туған бойжеткен №58-сайлау учаскесіне барып, алғаш рет өз таңдауын жасады.

«Ауылымызда еңбекқор, білімді азаматтар көп. Бүгінгі сайлауда сондай азамат ауыл әкімі болады деп ойлаймын. Өзім де сондай азаматқа дауыс бердім. Сайланған әкім ауылымыздың дамуына белсене атсалысады деп ойлаймын», - дейді С.Тойметова.

Оқуды үздік аяқтаған ол биыл Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық университетіне «Алғашқы әсери дайындық» пәні бойынша оқуға түскен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT