Шардара ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Түркістан облысының Шардара ауданына қарасты Мұнайбаза ауылында 60 орындық бастауыш мектеп ел игілігіне берілді. Жаңадан салынған қос қабатты білім ошағының құрылысына жергілікті бюджеттен 237 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ошағының ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қатысып, көпшілікті ҚР Конституциясы күнімен құттықтады. Мектеп ұжымы мен оқушыларды, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен де құттықтап өтті.

Замануи үлгіде салынған білім ұясында 7 сынып бөлмесі, мультимедия кабинеті, спорт залы, асханасы бар. Кабинеттерде ыстық және суық су ағып тұр. Нысан бейнебақылау камерасымен қамтылған.

Қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған мектептің салынғанына ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары айрықша қуанышқа кенелді.

Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара сондай-ақ, аудандық Мәдениет сарайында жалғасын тапты. «Азат елдің айбыны – Ата заңы» тақырыбымен өткен мерекелік жиында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай баяндама жасап, Ата заңымыздың мән-маңызына кеңінен тоқталып өтті. Мұнан соң әр салада жемісті қызмет атқарып жүрген азаматтарға марапаттаулар тапсырылды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев те мерекелік лебізін білдіріп, қызмет бабында үздік деп танылған жандарға «Алғыс хаттар» тапсырды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты

Соңғы жаңалықтар