+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Шардара ауданында «сервистік әкімдік» ашылды

2020 жылғы 30 қараша 04:21
Бөлісіңіз:
Шардара ауданында «сервистік әкімдік» ашылды

ШАРДАРА. ҚазАқпарат –Түркістан облысының Шардара ауданында «сервистік әкімдік» ашылды. Орталық мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдік жанынан ашылған жаңа нысанның ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирас Қарғабай мен Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай қатысып, жергілікті тұрғындарға ашық әрі тиімді қызмет көрсету мақсатында ашылған «сервистік әкімдіктің» мүмкіншілігімен танысты.

Жаңа кеңседе мемлекеттік қызметтің 70-тен аса түрі көрсетіледі. Олардың қатарында жер қатынасы, ауылшаруашылық, тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларына қатысты қызмет көрсетілмек. Сондай-ақ, тұрғындар дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдері бойынша сауалдарына жауап ала алады.

Мамандар азаматтарды қабылдап, өтінішін жедел қарасытырады. Құқықтық кеңес беріп, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді көрсету мүмкіншіліктері қарастырылған. «Сервистік әкімдік» азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететін болады.

Жыл соңына дейін Түркістан облысына қарасты аудан-қалаларда Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «сервистік әкімдіктердің» қатары көбейіп, атқарушы билік өкілдері мен өңір азаматтарының арасында ашықтық қағидаты қалыптаспақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT