+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шардара ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны 90 пайызға азайған

2020 жылғы 12 тамыз 01:08
Бөлісіңіз:
Шардара ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны 90 пайызға азайған

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Шардара аудандық орталық ауруханасында науқастарға арналған орталық бүгінде бос тұр. Яғни, ауыр індет пен пневмония дертіне шалдыққан науқастар емделіп шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 123 адам коронавирустан жазылып шықты Өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды Жамбыл облысында алғаш рет сүт безі қатерлі ісігіне бірегей ота жасалды

Орталықта инфекциялық 10, привозорлық 20 науқасқа арналған төсек-орын бар. Бүгінде науқастардың 90 пайызы емделіп шыққан. Денсаулық жағдайы тұрақталған соңғы 8 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің қатаң бақылауымен емделуде. Барлық науқастарға тиісті ем шаралары қолданылып, үйге шыққан жандар да ақ халаттылардың назарынан тыс қалмайды. Олардың жағдайының тұрақтылығын білу үшін мобильді топтар жұмыс істеуде.

«Дертінен айығып шыққан емделушілер медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Байбосынов Оразбай өкпенің төменгі екі жақты пневмония диагнозымен осында ем қабылдауда. Қазіргі уақытта денсаулығы қалпына түскен. Санаулы күндерден соң үй ішіне оралатын 64 жастағы Оразбай ақсақал дәрігерлерге алғысын білдірді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шардара аудандық орталық ауруханасында бүгінге дейін 506 науқас емделіп шыққан. Инфекциялық бөлімде 43, провизорлық бөлімде 247, терапия бөлімінде 216 адам жүйелі түрде ем алған. Инфекциялық орталықтан 4 науқас, привозорлық орыннан 4 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауына алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT