Шардара ауданында биыл мүмкіндігі шектеулі 100 адам шипажайда демалады

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Шардара ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Ауданда тіркеуге алынған 3273 мүмкіндігі шектеулі азамат протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық, гигиеналық, сурдоқұралдар мен қоларбалармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңға дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажетті сұраныстарын қанағаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін өтініш берген барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар толығымен қоларбамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Оған қоса, санаторий-курорттық емделуге 271 азамат жолданған. Облыстық басқарма тарапынан қосымша шипажайларға 100 жолдама бөлініп, олардың барлығы тізімдегі азаматтарға таратылуда.

Айта кетейік, ағымдағы жылы ауданда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған.


Соңғы жаңалықтар