Шарбақты ауданына жаңа әкім тағайындалды - Павлодар облысы

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әзілхан Әбеуов Павлодар облысы Шарбақты ауданына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жаңа әкімнің кандидатурасы аудандық мәслихатта келісілгеннен кейін өңір басшысы Болат Бақауов жергілікті активке таныстырды және бірқатар міндеттер қойды.

«Сізге ауданның мәселелерімен танысып, экономикалық көрсеткіштермен және бизнесті дамыту үшін барлық мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігімен айналысу қажет», - деді Павлодар облысының әкімі. «Қазірден бастап келесі жылға жоспарды ұсыну керек. Басты міндет - инвестиция тарту. Бұған қоса, ауданның ауыл шаруашылығы бағытында және туризм саласындағы маңызы зор. Бүгінгі күні мұнда жол құрылысы бойынша көп жұмыс атқарылған. Келесі жылға облыстық және республикалық маңызы бар барлық жолдарды қалыпқа келтіру үшін қаржы қарастырудамыз. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес бойынша жұмысты белсенді атқарып, аудандағы бес су құбырының құрылысы бойынша жұмыс сапасын бақылау керек».
null 

 Әзілхан Әбеуов 1978 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1995-1999 жылдар аралығында О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Ағылшын және неміс тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылы Эстон мектебін «Халықаралық қатынас және еуропалық интеграция» мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы жұмыс өтілі - 14 жыл. Мемлекеттік қызметте жүргеніне - 10 жыл. Жаңа қызметке дейін Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар