Шарапова мен Уильямс Мадридтегі жарыстан шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің үшінші ракеткасы Мария Шарапова Мадридтегі турнирдің жартылай финалында Светлана Кузнецовадан ұтылып қалды. Бұл туралы жарыстардың ресми сайтынан хабарланады.

Ойын Кузнецованың пайдасына 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат, 29 минутқа созылды.

Турнирдің ақтық кезеңінде Кузнецова Чехия ойыншысы Петра Квитовамен кездеседі. WTA рейтингінде төртінші орында тұрған Квитова екі сетте әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсты 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Өткен жылы Шарапова Мадридтегі жарыстың ақтық кезеңінде румыниялық Симона Халептн басым түсіп, жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар