Шарадарада төрт баланың анасы үшем туды

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Шардара ауданының тұрғыны Мейрамгүл Мәмбетова үшем босанды. Көксу аулында тұратын Сапаровтар отбасы осылайша Жанерке, Аман, Есен есімді сәбилермен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төребек Сапаров пен Мейрамгүл Мәмбетова - ендігі жерде жеті баланың ата-анасы. Бұған дейін екі ұл, екі қыз өсіріп келген отбасына тағы екі ұл, бір қыз қосылып отыр.

Бұл - биыл облыстық №1 перинаталды орталықта дүниеге келген үшінші үшем. Қазір ананың да, сәбилерінің де жағдайы жақсы. Күндіз-түні дәрігерлердің бақылауында.

Екі ұлдың салмағы - 2300 грамнан болса, қыздың салмағы — 1700 грамм. Бірінші күні нәрестелер жансақтау бөлімінде жатса, кейін олар патология бөліміне ауыстырылды.

Айта кетейік, Мейрамгүл Мәмбетова Көксу ауылындағы «Айлин» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етеді. Ал, отағасы Төребек Сапаров - ауылдағы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде ұстаз.

Айта кету керек, Шардара ауданында былтыр да үшем дүниеге келген. Жалпы соңғы 10 жылда Мейрамкүл Мамбетова - аудан бойынша үшемді дүниеге әкелген төртінші ана.

Биыл облыстық перинаталды орталықта 150-ге жуық егіз дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар