USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды – ШҚО

2021 жылғы 24 қараша 10:09
Бөлісіңіз:
Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды – ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде бүкіл полиция бөлімінде фронт кеңсе жұмыс істеп тұр Нұр-Сұлтан полициясы азаматтарды заңсыз сақталған атыс қаруын тапсыруға шақырды Өскеменде полиция қызметкеріне дөрекі мінез танытқан ер адам қамауға алынды

Кеше кешкі уақытта әлеуметтік желілерде Шар шаһарындағы көшелердің бірінде бір топ жігіттің жаппай төбелесіп жатқандығы туралы видео тарап кетті.



Онда ерегескен ер адамдардың бір-біріне атылып, былапыт сөздер айтқандары көрініс берген. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсінік берді.

«Аталған факті бойынша 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бір топ адам жасаған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Әзірге ешкімнен дене жарақаты туралы арыз-шағым түскен жоқ. Қылмыстық істің тергелуі және оқиғаның барлық мән-жайының анықталуы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT