+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«Шаңырақ» ілкі жобасына қатысушыларға кредит беру үшін 210 млрд теңге бөлінеді

2020 жылғы 15 мамыр 12:27
Бөлісіңіз:
«Шаңырақ» ілкі жобасына қатысушыларға кредит беру үшін 210 млрд теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Шаңырақ» ілкі жобасына қатысушыларға кредит беру үшін 210 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда биыл 484,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек Жамбылда асарлатып салынып жатқан 114 үйдің алғашқысы пайдалануға берілді Алматыда қала күніне орай үй кезегінде тұрған 265 адам баспаналы болды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 11 мамырдағы қорытынды отырысында атап өткендей, «5-10-20» несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жаңа жоба іске қосылады. Азаматтардың сұранысын қолдау және «Шаңырақ» ілкі жобасына қатысушыларға кредит беру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен алынған облигациялық қарыз аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 210 млрд теңге бөледі», - делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

«Шаңырақ» ілкі жобасының қатысушылары Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі - ЖАО-да кезекте тұрған адамдар) бола алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматтығы; отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасын қоса алғанда, табыстың болуы;

ЖАО Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды растауы;

төлем қабілеттілігін растау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT