Шанхайдағы турнирді қазақстандық боксшылар төрт жеңіс, бір жеңіліспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Шанхай қаласында (Қытай) өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды sports.kz.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша, 56 кг салмақ дәрежесіндегі Нұрбол Қалжанов Шанхай құрамасындағы қарсыласын жеңді.

60 кг салмақтағы Саматәли Төлтаев индонезиялық спортшыдан басым түсті.

69 кг салмақ дәрежесіндегі Шайкен Талғат Қытайдың бірінші құрамасындағы қарсыласын сүріндірді.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшы Айбек Оралбай да жеңіс тұғырынан көрінді.

Тек Дамир Тойбай Шанхай құрамасының спортшысына жол берді.

Соңғы жаңалықтар