Шанхайдағы халықаралық импорт көрмесінде Қазақстан павильоны ашылды

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - 5 қараша күні Шанхай қаласында ашылған Қытайдың Халықаралық импорт көрмесіндегі (China International Import Expo) Қазақстанның павильоны жергілікті сатып алушылардың ерекше назарын аударып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстандық павильонда ұн, балық, ет және ет консервілері, сүт өнімдері, өсімдік майлары, кондитерлік өнімдер мен бал, сусындар секілді тамақ өнеркәсібі саласындағы 35 отандық компанияның өнімдері ұсынылған.

Айта кетерлігі, Шанхайдағы көрмеде өнімдері ұсынылған 35 қазақстандық кәсіпорын Қазақстанда шикізаттық емес өндірушілер үшін басталған экспортты жеделдету бағдарламасының қатысушылары.

Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің мәліметі бойынша, елімізден Қытайға тамақ өнімдерінің экспорты 2015 жылғы 31 миллион доллардан 2019 жылы 146 миллион долларға дейін өскен.

Еске сала кетейік, Шанхай қаласында 5-10 қараша аралығында импортталатын тауарлардың үшінші халықаралық Қытай көрмесі өтіп жатыр. Көрмені ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, қазіргі ЭКСПО-да дәстүрлі секциялардан бөлек (тамақ өнімдері, тұтыну тауарлары, автомобиль өнеркәсібі және т.б.) қосымша жаңа бағыттар, атап айтқанда денсаулық сақтау, спорт тауарлары, жасыл энергетика және технологиялар, ақылды көлік салалары да қосылады.


Соңғы жаңалықтар