Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 28 °С
Алматы: 21 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Шанхайда Қытайға экспортталатын қазақстандық өнімдер талқыланды

2017 жылғы 16 қыркүйек 15:08 967
Бөлісіңіз:
Шанхайда Қытайға экспортталатын қазақстандық өнімдер талқыланды

БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат -Қазақстандық делегация ҚХР-ның сапа, инспекция және карантинді бақылау бас басқармасы өткізген Қытайдың сапа жөніндегі 2-ші конференциясына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.

Делегация құрамында  - ҚР Ауыл шаруашлығы вице-министрі Гүлмира Исаева, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Жомарт Нүркенов, Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков, «Азық-түлік келісімшарттары корпорациясы» ҰҚ» АҚ төрағасының орынбасары Дәурен Есмағамбетов бар.

Шанхайда Қытайға экспортталатын қазақстандық өнімдер талқыланды

«Бүгінгі таңда әлем бойынша азық-түлік өнімдерінің сапасы мәселесіне баса назар аударылады. Тамақ өнімдерінің ұлттық стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес үйлестірудің маңыздылығы сонда. ҚХР-ының сапа, инспекция және карантинді бақылау бас басқармасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне өнімдердің стандарттарын үйлестіру бойынша бірлесе жұмыс атқаруға, сондай-ақ басқа да стандарттарды дайындауға  ұсыныс жасады», - деді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева.

Әлемнің 37 елінен келген 680 делегаттың қатысуымен өткен конференция «Сапа сауда-саттықты жақсартудың негізі және тауарлармен қамтамасыз ету, болашаққа жол» тақырыбында өтті. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат