Шанхайда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шанхайда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай футболдан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Іс-шараны ҚР Бас консулдығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» Азия және Тынық мұхиты елдеріндегі өкілдігінің қолдауымен Қытайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының Шанхай филиалы ұйымдастырды.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және араб елдерінен 8 студенттік команда қатысты.

Бірінші орынды «Азия микс» командасы, екінші орынды Чанчжоу қаласынан келген «Chanzhou city» командасы, үшінші орынды Ханчжоу қаласынан келген «Hangzhou city» командасы иеленді.

Айта кетейік, Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) бөлімшесі ҚХР-дың 17 қаласында қызмет атқарады.

Авторы Садық Әкежанов

Соңғы жаңалықтар