Шанхайда бір тәулікте 38 адам коронавирустан қайтыс болды

None
None
ШАНХАЙ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Шанхайда бір тәулікте 788 адам COVID-19 жұқтырған және 7084 адамнан симптомсыз коронавирус анықталған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау істері жөніндегі комитет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбіде COVID-19 диагнозы расталған жаңа пациенттердің 683-і бұған дейін коронавирус инфекциясын симптомсыз тасымалдаушылар санатында болған.

«Сол күні Шанхайда 38 адам коронавирустан көз жұмды. Олардың орташа жасы – 80,9, ал ең үлкені - 97 жаста еді. Барлығының қосалқы аурулары болған», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау істері жөніндегі комитет.

Сондай-ақ, 3055 науқас ауруханадан жазылып шыққан.

Еске салсақ, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь кейбір үндістандық студенттердің елдегі университеттерге оралуына рұқсат берілуі жөнінде айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар