Шанхай ынтымақтастық ұйымы сайлауға қатысты есептің негізгі қорытындысын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов Қазақстандағы сайлау кезінде байқаушылар миссиясы жасаған есептің негізгі қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің миссия Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау мемлекет заңнамасы талаптарына және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткенін жариялап отыр», - деді Григорий Логвинов елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, ұйым атынан келген миссия сайлаудың заңдылығына күмән келтіретіндей ұлттық заңнама нормаларын бұзу фактілерін анықтаған жоқ.

«Сондықтан 19 наурыздағы сайлау демократия қағидасына сай өтті деп мәлімдейміз. ШЫҰ байқаушылары миссиясының қызметін қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне және Орталық сайлау комиссиясына алғысымызды айттық», - деді Г. Логвинов.

Соңғы жаңалықтар