Шанхай билігі COVID-19 шектеулерін жеңілдетіп жатыр

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 1 маусымнан бастап Қытайдың Шанхай мегаполисінде антиковидтік шаралар жеңілдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі COVID-19 профилактика және бақылау штабына сілтеме жасап.

Шанхайда тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін шектеулер алынып жатыр. Орта және жоғары эпидемиологиялық қауіп аймағындағы тұрғындарға әлі де сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Жаңа ереже сәрсенбі күні күшіне енеді.

Қоғамдық көлік жұмысы (автобустар, паромдық қатынас, такси қызметі) қалпына келтіріліп жатыр. Қала ішінде қозғалу үшін жеке автокөліктерді қолдануға рұқсат беріледі.

Шанхай билігі қала тұрғындарын жеке қорғаныс шараларын сақтауға, қоғамдық орындарда маска тағуға, әлеуметтік қашықтық сақтауға, сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады.

Еске салайық, наурыз айының соңынан бері Шанхайдың бірнеше ауданы локдаун енгізе бастады. Бірінші сәуірден бастап бүкіл мегаполис жабылды.


Соңғы жаңалықтар