Шаңғы жарысы: Финляндияда Полторанин үздіктер қатарына кірмей қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финлядияның Рука курортты аймағында өткен шаңғы жарысынан әлем кубогінің бірінші кезеңінде қазақстандық спортшылар үздік отыздықтан сырт қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған сын Қазақстан командасы үшін биылғы жылдың алғашқы ресми турнирі болатын. Өкінішке қарай, Алексей Полторанин бастаған шаңғышылар ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсете алған жоқ. 

Классикалық әдіспен 15 шақырымға жарыста Полторанин мәреге 27-ші болып келді.

Әлем кубогінің алдында оқу-жаттығу жиынын өткізген ұлттық құрама жаз, күз айларында да маусымға дайындықты тоқтатпаған болатын. Десе де, спортшыларымыздың төменгі сатылардан көрінуіне олардың әлі толықтай бабына келмегені себеп болуы мүмкін.

Әзірге біздің командадағы ең жоғарғы көрсеткіш - Алексей Полторанин иеленген 27-ші орын. Қалған спортшыларымыз үздік отыздық қатарынан әлдеқайда алыста.

Шаңғы жарысынан әлем кубогінің бірінші кезеңіндегі нәтижелер:

Спринт, әйелдер

1.Юлия Белорукова (Ресей);

2.Майя Далквист (Швеция);

3.Ида Ингемарсдоттер (Швеция);

...60.Анна Шевченко (Қазақстан);

...65.Эльмира Мутагарова (Қазақстан);

...67.Ирина Быкова (Қазақстан);

...72.Ксения Шалыгина (Қазақстан)

Спринт,ерлер

1.Александр Большунов (Ресей);

2.Йоханнес Клэбо (Норвегия);

3.Эйрик Брандсдал (Норвегия);

...39.Алексей Полторанин (Қазақстан);

...56.Константин Борцов (Қазақстан);

...57.Денис Волотка (Қазақстан);

...58.Николай Чеботько (Қазақстан);

...74.Әсет Дүйсенов (Қазақстан)

Соңғы жаңалықтар