Шаңғы спортынан Әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың скиатлоннан нәтижесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Германияның Оберстдорф елді мекенінде шаңғы жарысынан әлем чемпионатының екінші күні өтті. Оның аясында скиатлоннан медальдар ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында ресейлік Александр Большунов жеңіске жетті. Екінші орында — Норвегия спортшысы Симен Хегстад Крюгер. Жарыстың қола жүлдесін Ханс Холунд (Норвегия) жеңіп алды. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі келесідей: Евгений Величко 46-шы, Виталий Пухкало — 47-ші, Наиль Башмаков — 56-шы орында.

Әйелдер арасындағы жарыста норвегиялық Тереза Йохаугқа тең келер ешкім болмады. Фриза Карлсон (Швеция) екінші болып келді. Эбба Андерсон мінбердің үшінші сатысына көтерілді. Қазақстан құрамасында ең үздік Валерия Тюленева болды – 33-ші орын. Ольга Мандрика – 43-ші, Ангелина Шурыга – 44-ші, Ирина Быкова 50-ші болып келді.


Соңғы жаңалықтар