Шаңғы: Щучьеде Шығыс Еуропаның құрлықтық кубогы сарапқа салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Щучье қаласында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропаның құрлықтық кубогы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық шаңғы орталығында өткен жарысқа Ресей, Беларусь және Морокко корольдігінен және Қазақстанның 8 өңірінен жиналған 150 астам спортшы қатысты. Жарыс классикалық спринт, классикалық жекелей жарыс және еркін жекелей жарыс тәсілдері бойынша өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық шаңғышылар екі жүлделі орын алды. Оның ішінде классикалық жекелей жарыста Константин Борцов үшінші орын алса, еркін жекелей жарыста Виталий Пухкало жеңімпаз атанды.

«Жеңіс бізге ой келген жоқ. Ресей және Беларусь спортшылары тарапынан бәсекелестік өте күшті болды. Біз жарысты өзімізде өткізіп отырғандықтан намысқа тырысып бақтық. Бар күш-жігерімізді сарп еттік. Ұйымдастыру деңгейі де өте жоғары болды. Жанкүйерлерде қолдау білдірді. Осының арқасында жоғары көрсеткішке қол жеткіздік», -деді Виталий Пухкало.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс аяқталысымен Шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрмасы ұлттық шаңғы орталығында оқу-жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Жаттығу шаралары 24 қарашаға дейін жалғасады.

Осыдан кейін ұлттық құрама сапына енген ақмолалық шаңғышылар Ольга Дулина-Мандрика, Валерия Тюленева, Олжас Климин, Константин Борцов, Евгений Величко және Денис Волотка Финляндияның Рука қаласына аттанып, Әлем кубогының 1-ші кезеңіне қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар