+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Шаңды дауылда далаға қонған ұшақта жүрек талмасы бар әйел болған

2021 жылғы 28 шілде 12:12
Бөлісіңіз:
Шаңды дауылда далаға қонған ұшақта жүрек талмасы бар әйел болған

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы шаңды дауыл кезінде далаға қонуға мәжбүр болған ұшақта жүрек талмасы диагнозымен Ақтауға әкеле жатқан әйел болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаулық 100 отбасы Қостанай облысында ауыл шаруашылығымен айналысады Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды

Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаевтың мәліметінше, әуе кемесі Бейнеуден Ақтауға бет алған. Оны медициналық көмек көрсету үшін Ақтауға жеткізу керек болды.

«Бейнеу ауданының 1972 жылы туған тұрғынына жедел миокард инфарктісі диагнозы қойылған. Борт науқаспен Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келді. Бірақ ауа - райының қолайсыздығына байланысты оларға қонуға рұқсат берілмеді», - деді Айларбек Шыршықбаев.

Станция басшысының айтуынша, ұшқыш әуежай маңындағы далаға қонбақ болған. Осылайша ол әйелдің өмірін сақтап қалғанын атап өтті. Науқас Маңғыстау облыстық ауруханасына автокөлікпен жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

26 шілдеде куәгерлер Маңғыстау облысындағы шаңды дауылдың салдарынан ұшақтың қонғаны туралы видео жариялады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT